Жанр: әскери боевик
Ұзақтығы: 100 минут
Аудитория: 16+
Статус: өндіріс (2020-2021)
Тұсаукесер: 2022 жыл
Өндіруші ел: Қазақстан
Тілі : орыс
Продюсер: Акбар Курманбаев
Қоюшы-режиссер: Серікбол Өтепбергенов
Қоюшы-оператор : Қайрат Темірғалиев
Қоюшы-суретші: Қуат Тілеубаев
Сценаристер: Акбар Курманбаев, Дмитрий Алейников, Еркебұлан Бектұровтың қатысуымен
Композитор: Алим Заиров
Басты рөлдерде: Данияр Алшинов, Санұржан Сүлейменов, Дастен Шәкіров
Қазақстан Қарулы Күштерінде қалтқысыз қызмет етіп жүрген ағайынды Сұлтан мен Бекзат Ыбыраевтар әлдеқалай отбасылық келіспеушіліктерге килігеді. Сұлтан – сертіне бекем барлаушы офицер, Бекзат – дарынды талқандаушы-ұшқыш.
Халықаралық террористік ұйым елдегі стратегиялық маңызды нысандарға мұқият жоспарланған шабуыл дайындап жатқанда, бауырластар өлім қаупін сезініп қана қоймай, қайтыс болған әкесімен байланысты отбасылық жанжалға тап болады. Бұл жағдай оларды адам өмірін құтқару үшін бірігуге мәжбүр етеді, ал бауырластар Отан мен отбасы ең қымбат нәрсе екенін түсінеді.
«Патриоттар уақыты» картинасы – «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.