Жанр: комедия, драма, отбасылық
Ұзақтығы: 100 минут
Аудитория: 12+
Статус: пост-продакшн
Тұсаукесер: 2023
Өндіруші ел: Қазақстан
Продюсеры: Акбар Курманбаев, Әсел Сағи
Режесер: Бауыржан Досмагамбетов
Қоюшы-оператор: Алехандро Чавес (Мексика)
Композитор: Амаль Тохтабакиев
Сценаристер: Акбар Курманбаев, Еркебұлан Бектұров
Басты рөлдерде: Марат Әбішев, Нұргүл Алпысбаева, Сануржан Сүлейменов, Салтанат Науруз, Фархад Абдраимов, Төлепберген Байсақалов
Батыр (1969 ж. 23 шілде – 1993 ж. 26 тамыз) – Қарағанды хайуанаттар бағындағы айналадағы әлемнің әр алуан дыбыстарын, соның ішінде адамның сөйлеуін де қайталау қабілетін иеленген үнді пілі.
Саяхатқа шыққан жастар тобы нағыз ғажайыпты көруді армандайтын ауыр дертке ұшыраған қыздың қалауын қалайда орындауға тырысады. Айсұлу есімді басты кейіпкер сөйлейтін піл сол ғажайыптың нақ өзі деп санайды.
Іс жүзінде команда қызық жағдайға тап келеді: піл мүлдем сөйлей алмайтын болып шығады, сірә, бұл қарт күзетші таратқан әшейін кәуесет болса керек. Әйтсе де бірнеше күн Батырдың қасында қалуды ұйғарған олар өзара ішкі түйткілдерді шешуге тырысады: кейіпкеріміз Саян әкесін кешіруге тиіс еді, ал Айсұлу ата-анасынан ажырауға мойынұсынуы керек-тін. Достар бірте-бірте «сөйлейтін ғажайыпқа» деген сенімді жоғалтса да тек адамға ғана тән ізгілікті қасиеттерді бойға сіңіреді.
Бұл оқиғада басты антагонист – балалардың өз мақсаттарына жетуіне барлық жағынан бөгет жасаған хайуанаттар бағының директоры да емес, қыздың қалауын орындауға уақыттың тым тығыз-таяң болуы. Тәуекелдің тым жоғары екенін және шегінерге жер қалмағанын түсінген кейіпкерлер хайуанаттар бағынан пілді ұрлауды ұйғарады.
Фильмді Atlas Entertainment, Elephant Production (Қазақстан)