Ел қайда көшеді

Жанр: драма, авторлық фильм

Ұзақтығы: 95 минут

Статус: дистрибуция

Тұсаукесер: 2023

Өндіруші ел: Қырғызстан, Қазақстан

Тілі: орыс, қырғыз

Продюсер: Акбар Курманбаев

Қоюшы- режиссер: Шамиль Джапаров

Қоюшы-оператор: Сапар Койчуманов, Жорж Хамицкий

Қоюшы-суретші: Жыргал Матубраимов

Композитор: Таалай Бейшеев

Сценаристер: Шамиль Джапаров, Автандил Адыкулов, Марата Алыкуловтың қатысуымен

Бас рөлдерде: Марат Абайділдә (Қазақстан), Айнұр Қабатай қызы (Қырғызстан)

«Ел қайда көшеді» – қырғыздар «хан қызы» қоңызын атам заманнан бері осылай атайды.

«Ел қайда көшеді» – Оберхаузен кинофестивалінің лауреаты және әлемдік кинематографияның дамуына қосқан ерекше үлесі үшін АҚШ-тың Кинематографиялық өнер және ғылым академиясы сыйлығының лауреаты Шамиль Джапаровтың авторлық көркем фильмі.

         Біздің басты кейіпкеріміз – Қушчу биік таудың басына оңаша қондырылған киіз үйде тұрып жатады. Ол өзіндік дүниетанымы бар философ. Ал соған жақын жерде қоныс тепкен «меңді әйел»  метеоролог күйеуі Белекпен және Кушчу деген баласымен бірге тұрады. Бұдан көптеген жылдар бұрын бозбала Кушчу мен бұла бойжеткен бірін-бірін қатты сүйген еді. Бірақ  Белек ежелгі дәстүрге сай оны алып қашып, екі жақтың отбасылары бұл некеге қарсы болмайды.

Кушчу аракідік дүрбі салып, әлгі әйелді сыртынан бақылап жүреді. Тау ауруына шалдыққан Белек бір күні ес-түссіз құлайды. Кушчу оны ажалдан арашалап қалмаққа жанұшырып жеткенмен,  ол үзіліп кетеді. Кушчу марқұмның жансыз денесін  ауылына жеткізу үшін әйелге көмектесуге шешім қабылдайды. Бір қарағанда жеңіл, аса қиындықсыз көрінетін тау жолы  іс жүзінде  екеуіне кәдімгідей үлкен сынақ болады.

         «Ел қайда көшеді» – бұл таңғажайып табиғат сұлулығы мен  көзсіз ғашықтықты паш ететін ән. Махаббатты жоғалтқан адам оны табамын деп, мәңгі-бақи іздеп өтеді.

Фильмді  Atlas Entertainment кинокомпаниясы  Т.Океев атындағы  «Қырғызфильм»  ұлттық  киностудиясымен бірлесе  жарыққа шығарған. 

Сайт материалдарын пайдалану және тарату «Atlas Entertainment» ЖШС жазбаша келісімімен ғана рұқсат етіледі

© «Atlas Entertainment» ЖШС, 2018 - 2022